Супер қыздар » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы А.И.Дутов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
П.Дутов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77775778269
Оқу бөлімі:
+77054122066
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
май
2017

Супер қыздар

5 –ші мамыр күні 7 – 10 –шы сынып қыздарымен «Супер қыздар» сайысын жүргіздік.
Мақсаты: «Супер қыздар» сайсына қатысушы қыздарымыздың бір –біріне деген қарым –қатынасын, сүйіспеншілігі мен достық қамқорын арттыру. Ата –бабамыздың ұрпақтан –ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие, салт –дәстүрі мен әдеп –ғұрыптарын сақтауға, білуге, құрметтеуге баулу.
Жұмыстың барысы: Қыздарды үш топқа бөліп, оларды тапсырмалармен таныстырдық.
1 –топ «Айкөркем» тобы
2 топ «Бойтұмар» тобы
3 –топ «Қызғалдақ» тобы.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру (Аруларымыз өз өздерін таныстырады. Бұнда топтың мәнерлеп таныстыруы, айтуы және сырт сымбаты бағаланады).
2. Өнер сайысы (Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады).
3. Сұрақ –жауап сайысы (Билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді).
4. Сән үлгісі (Заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді).
5. Аспаздық өнері (Үйінен дайындап келген тағамдарын ұсынады).
6. Шаш өру сайысы (Командаларымыз шаш өру үлгісімен таныстырады).
Қорытынды: Әр топ әр кезеңге ерекше дайындалып, белсене қатысты. Қыздарымыздың бір –біріне деген қарым –қатынасы, сүйіспеншілігі, қамқорлықтары, ауызбіршіліктері осы бар қасиеттері әр кезеңде байқалып отырды. Бірінші таныстыру кезеңінде қыздарымыздың шығармашылық қабілеттері мен мәнерлеп айту өнерлері байқалды. Ал өнер сайыс кезеңінде қыздарымыз мың бұралып, тал шыбықтай майысып өздерінің нәзіктіктерін, инабаттылықтарын көрсетті. Сұрақ –жауап кезеңінде қазақтың салт –дәстүріне байланысты қойылған сұрақтарға білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сән үлгісі бойынша қыздарымыз қол өнерімен шығармашылық өнерлерін ұштастырып, өздері қазіргі заманға сай сән көйлектерін киіп шықты. Ал аспаздық өнер кезеңінде қыздардың он саусақтарынан бал тамғандай қою шәйларымен, тәтті тағамдарын ұсынды. Соңғы кезең бойынша шаш өру кезеңі болды. Бұл кезеңде қыздарымыз «Қыздың көркі – шаш» дегендей өнегелі отбасынан шыққан аруларымыз неше түрлі шаш өру үлгісімен таныстырып, оларға өздері әр өрімге ат қойды. Аруларымыз бір –бірінен өткен шебер, сұлу, әрі ақылдары көріктеріне сай екен. Қазақтың нағыз қызы осындай болу керектігін көрсетті.

Жүргізген педагог –психологтар: М.Жазылбекова
Г.Исабекова

 

 

 

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 3187 Вперед